Каз Рус Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории
Отчеты [21]
Нормативные документы [7]
Портфолио педагогов школы [3]
Мероприятия [13]
Конкурсы [6]
Школьное питание [1]
Размещены документы по организации школьного питания
Сайт живет ...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Прогноз погоды

Виджет-закладки
 Всё обо всём
Главная » Файлы » Разное » Нормативные документы

Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері (каз)
24.09.2010, 20:26

   31.05.2011 жылғы №7  Педагогикалық кеңеспен «Бекітілді» Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №3ЖОББМ

 

Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері

Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің  тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың  тәртібі мен машығының  дамуына жағдай жасау.

1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері:

1.1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.

 1.2. Мектепке және мектеп территориясына  салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған  басқа да  заттар әкелуге тыйым салынады.

 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).

 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді

 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;

 1.7.  Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.

 1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген  киімнің іскерлік стилін ұстанады:

-       Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы  (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін  юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін ) ;

-       Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.

-       Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;

-       Шашты ашық түстерді бояуға болмайды,  ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;

-       Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек,

 1.9.Электроқуат пен суды үнемдеу.

 

2. Сабақ кезіндегі тәртіп:

 2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;

 

2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.  Оқушы  сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.

 2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің  рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.

 

3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.

 3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.

  

3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:

Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату;сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді;  себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).

 3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

 

3.4. Сынып бойынша кезекші:

-       Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.

 

3.5. Оқушылар асханада болған кезде:

-       Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.

-       4. Қорытынды

 4.1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

 4.2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;

 4.3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға;

 4.4.  Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

 4.5. Жарғыш немесе өртке қарсы басқа да  заттар әкелуге тыйым салынады;

 4.6.Қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ;

4.7. Оқушылар арасында және  барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға;

 4.8. Мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы,  өмірі мен денсаулығына қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді;

 4.9. Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады;

 4.11. Осы Ереже мектеп территориясында және мектеп ішілік іс-шараларда қатаң сақталады;

 4.12.Осы Ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған үшін оқушылар жауапкершіліккке тартылады.

 5.Тәртіптік жауапкершілік ережелері:

5.1.Ата аналарды ескерту;

5.2.Ата аналарды мектепке шақыру;

5.3.Әкімшілік жиналысқа шақыру (оқушы);

5.4. Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата аналар)

5.5.Педагогикалық кеңеске шақыру (оқушы);

5.6. Педагогикалық кеңеске шақыру (ата аналар)

5.7.Айналадағыларға қауіп төндіретін  тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (оқушы);

5.8. Айналадағыларға қауіп төндіретін  тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (ата аналар);

 6.Ата аналар міндеті:

6.1.Мектеппен ата аналар шарты жағдайларын орындау;

6.2.Жарғы және мектептік локальдық акт талаптарын орындау;

6.3.Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;

6.4.Бес (алты) жасты балаларға мектепалды даярлық жағдайларын қамтамасыз ету, алты (жеті) жасынан жалпы білім беру ұйымына орналастыру;

6.5.Білім беру ұйымдарымен бірлесе қызмет ету;

6.6.Оқушыларды білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.

  

           Мектеп директоры                       Шиганакова Н.А.

Категория: Нормативные документы | Добавил: admin
Просмотров: 25731 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/3
Всего комментариев: 1
1 индира  
спасибо

Имя *:
Email *:
Код *:
Copyright MyCorp © 2024
Тебе, выпускник!
Это интересно...
Интересные факты