Каз Рус Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории
МО учителей казахского языка [41]
МО учителей начальных классов [32]
МО учителей русского языка и литературы [9]
МО учителей политехнического цикла [35]
МО учителей естественно-географического цикла [14]
МО учителей истории [17]
МО учителей английского языка [13]
МО учителей трудового обучения [10]
МО учителей физического воспитания [4]
Разное [3]
Сайт живет ...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Прогноз погоды

Виджет-закладки
 Всё обо всём
Главная » Файлы » Методическая копилка » МО учителей казахского языка

М. Жұмабаев «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы
28.10.2014, 15:37

Пәні: қазақ әдебиеті          Сыныбы: 11

Сабақтың мақсаты: М. Жұмабаев «Қойлыбайдың қобызы» поэмасы

а/дастанның   мазмұнымен, көркемдік ерекшелігімен,   құрылысымен таныстыру,

ә/ел тарихын, әдебиеті мен мәдениетін  қастерлеуге тәрбиелеу;

б/шығарманы эвристикалық тұрғыдан  талдауды дамыту, проблемалық сұраққа

байланысты шығармашылық   зерттеуге, өз пікірін дәлелді де анық   айтуға жетелеу.

Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі: проблемалық шығармашылық-зерттеу

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, оқыта үйрету, мақсат қою

Пәнаралық байланыс:тарих, география, дінтану

Сабақ көрнекілігі. Ақын шығармаларының жинағы, тірек-сызба,  тақырыптық слайдтар

Бағалау әдісі:оқушылардың бірін-бірі бағалауы, мұғалім- төреші

Сабақ эпиграфы:                               Ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы,

             тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады.

                                                                                               М. Жұмабаев

Сабақ барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

1. Музыка фонындағы мұғалім монологы:

«Ер Тарғын», «Қобыландыны оқып байқа,

Абайды оқы, таңырқан басың шайқа!

Ақындықтың қуаты есіңді алып,

Бас алмастан оқырсың қайта-қайта,

Кешегі Бұхар жырау, Жанақ ақын,

Шөже, Орынбай халыққа жайған атын.

Ахмет пен Міржақып hәм Мағжан,

Алты Алаштың баласы біледі атын.

2. Оқушыларға арнау

а/ұйымдастыру:сабақ мақсатын, бағалау шарттарын түсіндіру

II. Танымдық шегініс. Мағжан ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу

1. Мағжан белестері/хронологиялық шолу/

2. Мағжан лирикасына сипаттама/азаматтық, табиғат, әлеуметтік, махаббат/ «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін» өлеңдері

3. Поэмаларына шолу/«Батыр Баян», «Ертегі», «Жүсіпхан»т. б. /

4. «Қорқыт» поэмасы туралы баяндау

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. «Қобыз, тағы да қобыз, иә «Қойлыбайдың қобызы»

2. Поэма мазмұнын баяндау /дайындалған оқушы/

3. Шығармаға талдау жұмысы:

а/Сюжеттік-композициялық құрылымы-

шығарманың композициясы сюжеттік

дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке

салып, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе

1. кіріспе/басталуы/-таныстыру/найман елі, Қойлыбай/

2. Байланысы-ас және бәйге жариялау

3. Шиеленісі- қобызды сексеуілге байлау,дөң басындағы мәжіліс

4. Шарықтау шегі-Қойлыбайдың жын шақыруы

5. Шешімі/аяқталуы/-қобыз-жүйріктің бәйгеденозып келуі

ә/тақырыбы-өнер туындысының іргетасы, белгілі

дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі,

халықтың тылсым өнері, оның құдіреті

б/жанр түрі-/эпикалық / поэма-өмірде болған, не

болуға тиісті құбылыс пен оқиғаларды, адам

тағдыры мен заман шындығын өлеңмен

суреттеу

в/кейіпкерлері:

басты кейіпкер-Қойлыбай бақсы

жанама кейіпкерлер-Қақаман, Нәдір-Шолақ,

ЕрШайлан және Барақ батыр

/бақсы/, сексеуіл, қобыз

г/ Мінездеме:/іс-әрекеті арқылы көрінеді/

Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды,

Аруақ қалшылдатып, дірілдетті.

Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп,

Жап-жалаңаш қобызды қобыз етті.

Көздері қып-қызыл боп қанға толып,

Сарыны сар даланы күңірентті.

Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып,

Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.

Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып,

Қызыл жел құйындатып дүрілдетті.

ғ/тұлғаларды салыстыру/Венн диаграммасы/

 Қазақ бақсысы Еуропа сиқырлы өнер иесі

Білімі жоқ университет бітірген

Тылсыммен сырласқан оқымысты

көз байлаған

Екеуі де жұмбақ адам, тылсым өнер иесі

 д/шығарманың көркемдік ерекшелігі-

кейіптеу- сексеуіл әрекеті/жансызды жанды етіп суреттеу/

ербеңдеп ойнақ салу, жерді екі басымен кезек

ұру, қырды жол ғып сабалау

дәстүрлі бастау-таныстыру

эпитет-қалың Найман, шашты шайтан, жалғыз көзді жын, шу асау, аңғал батыр, маңғаз бай,

жап-жалаңаш қобыз, сар дала, қызыл жел, қап-қара тер

теңеу-арыстандай,

салт-дәстүр-ас беру, балуан күрес, ат бәйгесі

 IV. Проблемалық сұрақ бойынша ізденіс жұмыстары

/жекелеген оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар және пікір бойынша өз бетімен слайд жасау тапсырылған/

Мағжан ақын сыршыл ақын бола тұрып бұл тақырыпқа қалай барған?

Тапсырма:әдебиетші

тарихшы

дінтанушы

өнертанушы ретінде пікір айту және қорғау

/Ойлану мен ой жинақтау минуты беріледі. Қобыз сазында мұғалім «Қорқыт» поэмасынан үзінді оқиды/

Тапсырма бойынша оқушылардың жауаптары

1. Әдебиетші пікірі:

Халық аңыздары мен жырларындағы әйгілі бақсылар есімін халық ешқашан ұмытпайды. XIX ғасырда жасаған Салытық бақсы туралы ел ішінде талай жырлар мен аңыз әңгімелер қалған. Ал XVIII ғасырда жасаған әйгілі Балақай, Қойлыбай бақсылар туралы көптеген жырлар мен ғылыми зерттеулер жызылған. Қойлыбай бақсыны қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов «Бақсылардың бақсысы» деп текке атамаған. Ол талай кереметті көрсеткен. Сондықтан қазақ халқы Қойлыбайға арнап бар сүйіспеншілігімен жырлар арнады. Белгілі ғалым Ә. Диваев, Ш. Уәлихановтар оның бақсылық құдіреті мен қобызының өнерін өз шығармаларына арқау етті.

Өз ұлтының азамат ақыны Мағжанның да Қойлыбай туралы жырлауын дәлелдеп мынадай дерек тапқанымды айтқым келеді:

М. Жұмабаев аса көрнекті ғалым, фольклоршы әрі этнограф Әбубәкір Диваевтың жинаған әдебиет түрлерінен тізілген «Тарту» атты оқу кітабын тізіп, баспаға беруші болған. Мағжан ол кезде Қазақ-қырғыз білім комиссиясының мүшесі екен. 215 беттен тұратын бұл кітапқа алғы сөз жазған да осы Мағжан ақынның өзі. Пікір 1923 жылы 30 мамырда қаласында жазылған. Кітап 1924 жылы Ташкенттегі Түркістанның баспасөз тарату мекемесінен шыққан. Сол еңбекте халық аузынан жазып алынған «Бақсы» деп аталатын жыр бар. Онда Қойлыбай бақсы туралы өте шебер берілген. Кітапты түзуші Мағжан ақын сол жырды оқып әсерленгені сонша, осы жырды өз нұсқасымен жазған ғой.

/Мұғалім сұрақ береді:Сол жыр нұсқасын оқыдың ба?Екі жырды салыстыра аласың ба?/ салыстыруды слайд бойынша түсіндіреді

«Бақсы» жыры» «Қойлыбайдың қобызы» жыры

1. байдың әйеліне ас беру 1. Найман еліндегі ас беру

2. 300 ат бәйгеге қатысқан 2. 200-дей ат қатысқан

3. қобызды жуан ағашқа 3. Сексеуілге байлайды

байлайды

4. бәйгеге шабушылар 4. Қойлыбайдың жұмсаған

байлайды адамы

5. күншілдік басым 5. өз өнерін сынау

6. халық аузынан жазып 6. Мағжан шығармашылығы

алынға

Ортақ нәрсе:-екеуі де жыр,

-Екеуі де Қойлыбай, оның бақсылық өнері туралы

2. Тарихшының пікірі:

Қазақ халқының өмір салтындағы ғұрыптары мен рухани үрдісіндегі сан қырлы болмысы кім-кімді де қайран қалдырған құбылыстарға толы. Аңыраған сахара дала, аңызақ аптап, табиғаттың қатал да қатыгез сынымен бетпе-бет келетін сірі жанды қайсар қазақтың рухани байлығына, табиғат берген қабілет-қарымына ғажайып әдет-ғұрып, салт-дәстүріне таң қалып, тәнті боласың. Даламызға көктей өтіп, сапар-саяхат кешкенжат жұрттық жиhанкездер, ғалым-зерттеушілер, жылнамашылар қазақтың бақсылық құдіретін қайдәстүрге жатқызарын білмей, оның құдіреткүшіне қандай сипат берерін білмей абдырағандары туралы таңдана жазады. Әсіресе, саяхатшы-ғалымдардың жазбалары мен күнделіктерінен жиі кездестіреміз. Оның ішінде Батыс Европа, орыс саяхатшылары, шығысты зерттеушілер, тіпті отарлау мақсатында жол шеккен орыс офицерлері де бар. Арғы, бергі тарихқа сүйенсек, бақсылық құдірет-ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, тек қазаққа ғана тән тылсыммен тілдесе алар ұлттық болмысына тән құбылыс екені айдан анық. Бұл туралы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Қ. Жұбанов, Ә Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев өз зерттеулерінде көрсетіп, бақсылардың білікті, талантты, мәртебесі жоғары, ақын, күйші, сәуегей, емші, яғни сегіз қырлы, бір сырлы екенін дәлелдеген. Өз халқының тарихы мен тар жол тайғақ кешуін бес саусақтай білетін, талай тарихи тұлғаларды жырға қосқан.

Мағжан ақынға неге Қойлыбайдай ерекше тұлғаны жырына қоспасқа?

/Мұғалім сұрағы:Бақсылықтың ғылымның қандай салаларына байланысы бар деп айта аласың?/Сұраққа көрсетілетін слайд бойынша жауап беруге болады:

Бақсылық өнер-тарих

-поэзия

-медицина

-физика

-астрология

-химия музыка т. б. ғылым салаларымен тығыз байланысты

3. Дінтанушы пікірі:

Қазақтарда бақсылық салт-сана мұсылмандық наныммен мидай араласып, тұтас бір дінді құрайды. Исламды, Мұхаммедті білмей тұрғанда Алла мен Тәңірге бәрдей табынып, мұсылман

әулиелерінің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне сенді. Халық Тәңірге табынып, бақсылар болса, жын-перілермен қоса мұсылман періштелерін де шақырып, Алланы мадақтады. Сөйтіп, халқымыздың алғашқы наным-сенімдері, Тәңіріне табыну-Ислам дініне келіп жалғасын тапты. Өйткені бұрын да табынған Ай, Күн, Жұлдыз осы күнде де ОТ-АНА, СУ-АНА, КҮН-АНА, ЖЕР-АНА болып әдет-ғұрпымызда сақталып қалды. Гүл жайнаған жасыл алқап, алып таулар, сылдырап аққан бұлақтар, буырқанған теңіз толқындары, көк аспанның шексіз күмбезі, ысқырып соққан жел, бірде нөсер, бірде бұршақ, найзағай ойнатқан қара бұлтты аспан-бұл не ғажап?О, құдіретті тәңірім?Не деген таусылмас құпия?Табыну –таңданудың аса бір түрі. «Күннен туған Пайғамбар» деп жырлаған Мағжан ақын да Қойлыбай бақсының қабілет-қарымы мен тылсыммен сырласа алатын кереметіне таңдана табынған болар!

Қойлыбайлар қазір болса, мына дүниені ақын армандағандай етіп жасар ма еді?Мағжан осылай да толғап, Қойлыбай бабасының қобызына табынғандықтан жырдың дүниеге келуі мүмкін!?

Мұғалім сұрағы:Сонда бақсылар қобыз сарынымен халқын нелерден қорғайды деп ойлайсың?

/Оқушы өзі жасаған слайд арқылы жауап береді:/

4. Өнертанушының пікірі:

Бақсылардың бәрі қобыз тартқан. Сондықтан халық қобызды киелі аспап санайды. Бақсылар-әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, әрі емші. Қазақ бақсыларын көзімен көрген белгілі ғалымдар Г. Потанин, П. П. Семенов-Тяншанский оларды ақын, қобызшы, домбырашы деп анықтайды.

Қазақ бақсыларының тіршілігінде тарихи замандағы Қорқыт дананың дәстүрі жарқын түрде сақталған. Олар ата-баба аруағына сыйынып, солардың атынан насихат, ақыл сөздер айтады, қобызбен күй тартады. Яғни олар жұтшылықпен кездескенде, алдымен қобызға қосылып, боздап ән салады. Сарнаған кезде олар шабыттанып, екіленеді. Содан соң сөзбен сәуегейлік, болжам айтады. Ең соңында қобызбен Қорқыт күйін тартады. Себебі,

Жыраулардың үлкен пірі-Қорқыт ата,

Бата салған тәмам бақсы, асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда-

деп жырланғандай, аңыздарда қазақ музыкасының түбі Қорқыттан, оның қобызынан басталады. Бұл туралы алғаш пікірді Шоқан айтқан. Ал, «Бақсы жыры» деп Қорқыттың қобызын, оның сарынынең алғаш мирас еткен кісі-осы Қойлыбай бақсы. Ол-Қорқыттың шәкірті.

Қойлыбай –Қорқыттан соң дәурен сүрген,

Әр жерде ақ сарайлы үйге кірген.

Еліне қылған екен көп қызмет,

Шайтанды ұстап алып жалғыз жүрген, -

деген аңыз жолдары-осының дәлелі. Қорқыт туралы поэмасында өз арманын баян еткен Мағжан ақынның «Қойлыбайдың қобызы» деп жырлауы соның жалғасы емес пе?Қазақ музыка өнерінің бастауы саналатын қара қобызды пір тұтып, Қойлыбай бақсы кереметін кие тұтқаны емес пе?

/Мұғалім сұрағы: Осы қобыз тарихы туралы толық айтсаң қайтеді?

/Бір оқушы «Қобызым» әнін орындайды. /

Жауапты слайд бойынша айтуға болады:

Қобыз суреті -ең көне музыка аспабы

-алғаш жасаған-Қорқыт ата

-алғашқы түрі Ұлытаудың теріскей баурайында,

екінші түрі Қарқаралыда Дегелең тауының

алабындағы ғажайып мүсін тастарда сақталған

-Қарағай, үйеңкі, ортекемүйізі, қаранардың терісі, сәйгүліктің қара қылы, аруананың сүті

/слайд-Қобыз/

V. Философиялық түйін.

Өз елінің өткендегі болмысын көркем әдебиетте суреттеу –ақын мұраты. Мағжан шығармалары ұлттық тақырыпқа арналған, өйткені ақын ұлт тағдыры дегенді исі қазақ тағдыры деп түсінеді. Мағжан жырлаған Абылай да, Кенесары да, Қорқыт та, Қойлыбай да қазақ елі үшін өткен күннің айқын белгісі, нақты тарихы, өткен шақ шындығы. Ақын үшін өз халқының өзіне лайық ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен өнері бар. Ас беру, бәйге, балуан күрес, тегеурінді батырлар дәстүрі, сабалары екі иығынан дем алған байлар салтанаты, жаны мәңгілік жұмбақ болып қалатын бақсы-балгерлер, аузымен құс тістеген жыршы-жыраулар мен би-шешендер-халқымыздың беделді тұлғалары. Міне, Мағжан ақынның басқа ақындардан ерекшелігі де осында. Оның поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, адамды сол ұлы табиғат-жаратылыстың бір туындысы деп қабылдайтын ақын келбетін, дүниетанымын байқаймыз. Ақынның айтар ойы, басты идеясы да-осы, қазақ халқының тылсым өнер иелерінің құдіретіне бас иіп, оны дәріптеу.

Өткенді білмесек бүгінді қалай танимыз, ертеңге қалай қараймыз, болашақты қалай болжаймыз?Осы тұстағы ақынның қасиеті-заманға жаңғырық, маңызы зор оқиғаларға айна болып, тарихи із, мәдени мұра қалдыруында. Мағжан ақын да өз елі тарихынан осындай мұра қалдырып, кемеңгер ойшыл ретінде кейінге аманат қалдырды.

VI. Бағалау. Оқушылар өздері қалаған оқушыларға сабақ бойына қойған бағаларын қорытындылап, жария етеді.

VII. Үйге тапсырма.

«Мағжанға мадақ» /жазбаша ой-толғау/

Мақтасақ, Мағжанды мақтайық,

Мақтансақ, Мағжанмен мақтанайық.

Мадақтасақ, Мағжанды мадақтайық.

Халық тарихы мен өнерін танып білуде,

Мағжаннан өнеге алайық.

Сабақтан алған әсерді толғап,

Мағжанға мадақ жазайық!

VIII. Қорытынды.

Кеше: Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар,

Ертеде ел бар екен қалың Найман, 
Қытайға қалың Найман қанат жайған. 
Қалың Найман ішінде Бағаналы, 
Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. 
Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген, 
Алдында жорғалаған шашты шайтан. 
Қойлыбай қобыз алса-ақ қалбалаңдап, 
Қақаман жетіп келед əлдеқайдан. 
Қақаман жалғыз көзді жынның ері, 
Ерегіссе тау-тасқа салған ойран. 
Дарқанның Нəдір пері – аға жыны, 
Ардақтап оған Шолақ деп ат қойған. 
Қойлекеңнің үшінші жан-жолдасы – 
Шайтанның шуасауы батыр Шайлан. 
Қойлыбай бақсы болған қазақ асқан, 
Жын менен жолдас болған бала жастан. 
Азырақ əңгіме үшін сөз қозғайын, 
Қалың Найман жиылған бір зор астан. 
Бір асқа жиылыпты Найман тамам, 
Бай, биі, батырлары балпаң басқан. 
Ішінде сол жиынның Барақта бар, 
Аузынан арыстандай жалын шашқан. 
Бəйгеге екі жүздей ат жіберіп, 
Күрес сап жиылған жұрт ұрандасқан. 
Ерігіп аңғал батыр, маңғаз байлар: 
“Бəйгеге қобызың қос” деп сұрасқан. 
Қалқасы қалың Найман қалаған соң, 
Қойлыбайың бəйгеге қобыз қосқан. 
Найманның ұлы дүбір сол асында, 
Əлеумет алқа-қотан дөң басында. 
Айнала ығай-сығай, жақсы жайсаң, 
Қойлыбай қобызымен ортасында. 
Бас болып батыр Барақ қалаған соң, 
Бəйгеге бақсы қобыз қоспасын ба? 
Қойлыбай сонда айтады шақырып ап, 
Ыңғайлы бір бозбаланы өз қасына: 
“Ат шабатын жерде бір сексеуіл бар 
Жарып өткен жапанның жартасына. 
Қобызды сексеуілге байлаптаста, 
Мен сенем жын Қақаман жолдасыма”. 
Қалың Найман бəйгеге қобыз қосып, 
Шуласып отырысты дөң басында. 
Бір кезде ат келетін мезгіл жетті, 
Бозбала ат алдынан шауып кетті. 
Сол уақыт жай отырған Қойлыбайды 
Аруақ қалшылдатып, дірілдетті. 
Аузынан қанды көбік бұрқ-бұрқ етіп, 
Жап-жалаңаш қылышты қобыз етті. 
Көздері қып-қызыл боп қанға толып, 
Сарыны сардаланы күңірентті. 
Бірмезгіл екпіндетіп, долдандырып, 
Бір мезгілжыны буып күбірлетті. 
Қалың құмды қап-қара бұлтқа қосып, 
Қызыл жел құйындатып дүрілдетті. 
Жан-жақты ың-жың, у-шу дауыс қаптап, 
Шапқылап жын-перілер дүбірлетті. 
Осылай ойнап, сарнап бақсы жатты, 
Қалжырады, қап-қара терге батты. 
Сол кезде ат келетін құба жонды, 
Түтіндей будақ-будақ бір шаң жапты. 
Сол шаңның ортасында бір сексеуіл 
Ербеңдеп ойнақ салып келе жатты. 
Екі басы жерді ұрып кезек-кезек, 
Сабалап қырды жолғып жаралапты. 
Байланған сексеуілге қобыз берік, 
Көз ашқанша жиынға келіп қапты. 
Сексеуілді қопарып алып келіп, 
Қақаман жұбатады ерке қартты. 
Қобыз келді, Қойлыбай көзін ашты, 
Қалың ел тамашадан тас боп қатты... 

Категория: МО учителей казахского языка | Добавил: admin
Просмотров: 11080 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Copyright MyCorp © 2024
Тебе, выпускник!
Это интересно...
Интересные факты