Каз Рус Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории
МО учителей казахского языка [41]
МО учителей начальных классов [32]
МО учителей русского языка и литературы [9]
МО учителей политехнического цикла [35]
МО учителей естественно-географического цикла [14]
МО учителей истории [17]
МО учителей английского языка [13]
МО учителей трудового обучения [10]
МО учителей физического воспитания [4]
Разное [3]
Сайт живет ...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Прогноз погоды

Виджет-закладки
 Всё обо всём
Главная » Файлы » Методическая копилка » МО учителей казахского языка

Сұраншы батыр. Әдебиет. 7-сынып
08.10.2010, 18:49

Әдебиет

7-сынып

Тақырыбы: Сұраншы батыр.

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік: а) Жыр алыбы – Жамбыл шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру.

            ә) Сұраншы батыр туралы деректермен таныстыра отырып, батырдың тарихи тұлға екеніне тоқталу.

            Дамытушылық: оқушылардың өз пікірін ашық, еркін айтуға төселдіру, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

            Тәрбиелік: туған жерді сақтау және оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру, оқушының тұлғалық ерекшелігін дамыту.

            Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сахналау, айтыс, өлең оқу.

            Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

            Сабақтың жабдығы: «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» плакаты, «Тұмасы тұнық жырдың Жамбыл жырау» көрнекілігі, «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби стендасы, Жамбыл туралы жинақталған папка, шығармалары, үлестірмелі кәртішкелер, «Сандар сыры» плакаты, «Бағалау парақтары».

            Пайдаланған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті энциклопедиясы, Қазақ әдебиеті тарихы энциклопедиясы.

            Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

            ІІ. Өткен сабаққа шолу.

            Әдебиет әлемінде «жыр алыбы» деген лауазымға ие болған адам – Жамбыл Жабаев. Тіпті осы сөз құлағымызға сініп кеткелі қашан? «Өзі өлсе де, сөзі өлмейді» демекші Жамбыл мектеп оқушысына үлкен тәрбие екені даусыз. Қазақта Абай біреу, Жамбыл жалғыз. Біздің бала кезімізде Жамбыл «Алтын заң» деген тамаша өлеңмен танылды.

                                   Еңбек ет те, міндет ет

                                   Дем ал деген – осы заң –

деген жолдары әлі күнге дейін есімізде немесе сол кездегі күн көсем туралы:

                                   Үнің кетпес құлақтан,

                                   Ағыны күшті бұлақтан,

                                   Тау суындай тасқыны,

                                   Талқандап құзды құлатқан – деп жатқа зулағанбыз...

            Ал, қазір ше, қазір заман талабына қарай бағдарламалар өзгеріп жаңаланып жатыр. Әр сынып сайын берілген материал көлемі де күрделене береді. Кезекті Жамбылдың өмірдерегіне берсек...

            Бір оқушы Жамбылдың өмірбаянынан мәлімет береді.

            Сахналық көрініс. Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы.

Жамбыл:

            -  Өлеңім келді жол шегіп,

            Осынау елге алыстан

            Түн болды үйге ен дейтін

            Табылмай тұр таныс жан.

            Ардақты үйдің иесі

            Рұқсат ет кіруге

            Бата бер менің жырыма

            Қуат етіп үніңе.

            Көңілін тапсын елімнің

            Жар болда өзің жәрдем ет,

            Жібер мені бір демеп.

Сүйінбай: - Қош келдің, бозторғайдай әнші құсым! Сүйінбай сені құшақ жайып қарсы алады. Кел, кел, қарағым! Көзің отты, түлеп ұшқан мұзбалақ ұлармысың әлде...

            - Ассалаумағалейкум, ата!

            - Уағалейкүмассалам, балам! Төрлет, жоғары. Сенің өлеңінде от бар, ал домбыраңның үнінен шымырқанған шабыт байқалады. Жырыңа лайық тартуымды ал, балам (шапанын шешіп Жамбылға жабады). Ал балам, атаңның сыйы – еліңнің сыйы болсын. «Жақсы сөзді ел жаттар, ел жаттар сөзде салмақ бар» деген. Осы сапарға шыққанда кімнен бата алып едің?

            - Сүйеке, әкем өлеңді жек көреді. Сол үшін талай таяқ та жедім. Ол менің ақын болуыма қарсы. Сондықтан маған батасын берген адам тарту – таралғыдан мақұрым қалары хақ. Сол себепті өз шапаныңызды өз иығыңызға жапсам деп тұрмын. Маған батаңызды беріңіз.

            - Ұлым, мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білемін, сен туралы да естігенмін. Сен маған бүгін өз жырыңды сыйладың, соның өзі жетіп жатыр. Қолыңды жай мен батамды берейін.

            Домбыра – садақ та, өлең – жебе, ақылмен пайдалана білгейсің.

            Шын ақынның ар-ұяты өлеңде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың.

            Ақылмен іс қылғайсың. Әділ де батыл бол. Сенің өлеңің халқыңа медет берсін, ісің өнеге болсын! Әумин!

            Жас Жамбыл ендігі кезекте «ақын болдым он күште» деп жырлайды. «Өлеңі не күлдірмесе, жылатпаса – өлең емес. Нәрсіз сөз – зілсіз оқ еспетті» - дейді Жамбыл. Ендеше ақын өлеңдеріне бір сәт құлақ түрсек...

            «Ленинградтық өренім»

            «Патша әмірі тарылды»

            «Алғадай туралы ой»

            «Ата әлдиі»

            «Өсиет»

            «Абайдың суретіне»

Оқушылар кезекпен Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.

            Жамбыл – айтыскер ақын.

            Жамбыл мен Айкүміс айтысы (Ұлтық киім киінген екі оқушы орындайды).

            ІІІ. Жаңа сабақ. Сұраншы батыр.  

Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандары күрделі дастандар қатарына жатады.

Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан «Сұраншы батыр» дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл «Сұраншы батырды» таң атқанша жырлаған екен.

Сұраншы – тарихта болған адам, Жетсу халқының мүддесін корғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан – қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады .

Сол кездегі Сұраншы батырдың бейнесін, батырлық тұлғасын даралауда ақын өте шеберлік көрсеткен. Оның жауға қарсы соғысы да ақындық шабытпен шынайы суреттеледі. Арыстандай ақырған азулы жауға қарсы түлкідей айлалы болу керек екенін өсиет еткен Сұраншы батыр Қарасай батырдың соғыстағы амал - тәсілдерін қолдана отырып, жауды жеңіліске ұшыратады.

IV. Оқулықпен жұмыс. Дастаннан үзіндіні оку.

V. Бекіту сұрақтары.

- Балалар, жырдан Сұраншы батырдың қандай адам екенін байқадыңдар?

- Осы жырды қандай жырға ұқсатар едіңдер? Қай жолдар арқылы?

Салыстыру. «Қобыланды жыры»

Қобыланды сынды батырдың

Көңілі бітіп Бурылға

«Шырағым Бурыл шу» деді,

Құбылып Бурыл гүледі.

Кеткен қолдың соңынан

Жетемін деп Қобыланның жоқ еді тіпті есінде.

Өлең жолдарынан әдебиеттің теориялық ұғымдарынан нені байқадыңдар? Гипербола, теңеу, эпитет.

Үлестірмелі кәртішкелерді тарату. «Тәуелсіздікке 15 жыл»

VІ. Жырды қортындылау.

Сұраншы батырдың өмірде болғандығы. Дастанның тәрбиелік мәні.

Кәртішке бойынша жауаптар.

«Сандар сыры» Ту бейнелі плакатта күн жүйесімен орналасқан сандарға мағлұмат беру.

1846, 13, 16, 1913, 1936, 1941, 1945, 1986, 12, 1991, 1996, 2006.

«Таза тақта» ойыны. Тақтада тақырып бойынша жазылған сандарды сүрте отырып, тақтаны тазалау.

VІІ. Үй тапсырмасы. Жамбыл шығармашылығын қайталау.

Дастаннан үзінді жаттау.

VІІІ. Бағалау парақтарын жинау.

Категория: МО учителей казахского языка | Добавил: admin
Просмотров: 20584 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 4.2/5
Всего комментариев: 2
2 Гаухар  
Bul malimettrinizge rahmet aitamin

1 rosomaxa07@mail.ru  
Tema sait! Rahmet!&~)

Имя *:
Email *:
Код *:
Copyright MyCorp © 2024
Тебе, выпускник!
Это интересно...
Интересные факты