Каз Рус Главная Регистрация Вход
Приветствую Вас, Гость · RSS
Меню сайта
Категории
МО учителей казахского языка [41]
МО учителей начальных классов [32]
МО учителей русского языка и литературы [9]
МО учителей политехнического цикла [35]
МО учителей естественно-географического цикла [14]
МО учителей истории [17]
МО учителей английского языка [13]
МО учителей трудового обучения [10]
МО учителей физического воспитания [4]
Разное [3]
Сайт живет ...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Прогноз погоды

Виджет-закладки
 Всё обо всём
Главная » Файлы » Методическая копилка » МО учителей казахского языка

СЫН ЕСІМГЕ – ҚЫС ҚОНАҚ
08.10.2010, 17:55

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:сын есім түсінік беру.Оқушылардың''Қыс '' тақырыбына байланысты алған білімдерін жинақтап, толықтыру.

 Дамытушылық:сын есімдерді сөйлем ішінде айтым, тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді дұрыс байланыстырып,сұрақтарды құрастырып, аудару дағдыларын қалыптастыру.

 Тәрбиелік:оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру

 Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, «Қыс» тақырыбына байланысты суреттер, кестелер, тірек сызбалар, қызықты грамматика суреттері, түрлі-түсті қарындаштар.

Сабақтың түрі:жаңа білім беру сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы,  ойын әдісі, сұрақ-жауап, аудару, мәнерлеп оқу, суретпен жұмыс.

 Пәнаралық байланыс:әдебиет, орыс тілі, география.

  Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды.

II.Жаңа тақырып:

 1.Сабақтың мақсатын, барысын айту;

2.Интерактивтік тақтада жазылған сөйлемдер:

а) Жерде ақ қар жатыр (түр-түсін-цвет);

ә) Бүгін күн суық (сапасын-качество);

б) Мен дәмді тамақ іштім (дәмін-вкус).

Сын есім дегеніміз не?

Сұрақтары: қандай? қай?

Мысалы: әдемі, жаңа, қалың, т.б.

3. Сөздікпен жұмыс:

           аяз – мороз;

           қарқала – снежный городок;

           шана – санки;

           суыту – холодать;

           жасау – делать, лепить;

           аққала – снеговик;

           шаңғы – лыжи;

           қалың – терең – глубокий;

           сырғанау, тебу – кататься;

           қар түйіршілік – снежинка.

а) сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру;

ә) мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар барлығы бірге дауыстап қайталайды.

4. «Қыс» тақырыбымен байланысты слайдтар уөрсетіледі,

- Қай жыл мезгілі бейнеленген?

- Қыс.

4. Ой қозғау.

- «Қыс» деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларына келеді, көздеріңе нені елестетесіңдер?

5. Тақтамен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқып шығады.

Жыл төрт мезгілге бөлінеді. Олардың бірі – қыс. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Бізде қыс қараша айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады, батыстан суық жел соғады. Далада аяз болады. Күн қысқарып, түн ұзарады.Жиі-жиі қар жауады. Қыста жаңа жыл мейрамы келеді.

7. Сынып үш топқа бөлінеді.

Iтоп – Мәтінді мәнерлеп оқу, «Қыс» туралы өленді оқып, сурет салу.

II топ – Мәтінді аудару, сын есімдерді теріп жазу.

III топ – Мәтінге сұрақтар құрастыру.

III. Бекіту.

а) Қызықты грамматика(суретке қарап, тапқан сөйлемдерді тақтаға жазу).

ә) «Бесжолдық өлең» жинақта.

1-жол-тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім);

2 жол-екі сөз тақырып мазмұнына байланысты(сын есім);

3-жол-үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет (етістік);

4-жол – 3-4 сөзден сөйлем құру;

5-жол-синоним.

б) Терме диктант. Мұғалім сөздерді оқиды. Оқушылар «Қыс» мезгіліне байланысты сөздерді теріп жазады.

Жаңбыр, шаңғы, сарғаю, қар, жауу, қарқала, гүл, ақ, жасыл аққала,қарындаш, аяз, жеміс, достық, сырғанау, шана, шомылу.

IV. Қорытындылау: - Балалр, бүгін сабақта біз нені қайталадық, нені үйрендік, нені ойға түйдік?

V. Үйге тапсырма: Жаңа сөздерді жаттау. Кесте бойырша қыс туралы айту.

Категория: МО учителей казахского языка | Добавил: admin
Просмотров: 3979 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Copyright MyCorp © 2024
Тебе, выпускник!
Это интересно...
Интересные факты