15 тамыз күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында "Бақытты балалық шақ мекені" ұранымен "Мектеп жол" қайырымдылық акциясының аудандық марафоны басталды. Шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары - Ихсанов Еркебұлан Нуретдинович, Аудандық білім беру бөлімінің басшысы - Тржанова Айымгул Мақсатқызы, «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы - Иралиев Айгали Сансызбаевич, «Жас Дарын» қоғамдық қорының құрылтайшысы – Ищенко Татьяна Германовна, «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамы, аудандық мәслихат депутаты – Мольчанова Надежда Михайловна, жеке кәсіпкер – Иргалиева Айгүл Мақсотқызы шақырылды. Концерттік бағдарлама қойылды. Аудандық бюджеттен және демеушілерден оқушыларға оқу құралдары, мектеп формалары, сөмкелер, спорттық киім мен дәрі – дәрмектер таратылды.
Қымбатты, қала тұрғындары қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырамыз. Сіздің берген жәрдеміңіз балаларымыздың бойында сенімділік ұялатып, болашаққа деген сенімін арттырады.
...
Читать дальше »