Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 2015 жылдың 24 қарашадағы өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес 2016-2017 оқу жылынан бастап мектептерді бірыңғай мектеп формасына көшіруді алға қойып отыр. Ол туралы заңның 5 бап 4-1 т.т. былай делінген: «Министрлік орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді». Осы заңдағы өзгерістерді негізге ала отырып, Ақсай қаласының жалпы білім беретін № 3 мектебінің әкімшілігі 2 наурыз күні жалпымектепішілік ата-аналар жиналысының ұйымдастырды. Жиналыста Алматылық GLASMAN компаниясының қызметкерлері келіп, ата-аналарға киім үлгілерін көрсетті (полный вариант материала)